Солтүстік Қазақстан облысы бойынша ҰСО мамандары атмосфералық ауа сапасына талдау жүргізді
Специалисты НЦЭ по СКО исследовали атмосферный воздух 08.06.2022

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Ұлттық сараптама орталығы филиалының санитарлық-гигиеналық зертханасы биылғы жылдың бес айында атмосфералық ауаға 1 651 рет өлшеу жүргізді.

Оның ішінде Петропавл қаласында 1094, аудандарда 557 талдау жасалды.

Зерттеу барысында көміртек тотығы, азот диоксиді, күкірт ангидриді, фенол, күйе, шаң, көмірсутектер, аммиак, күкіртсутек, күкірт қышқылы, толуол сияқты көрсеткіштер бойынша өлшемдер алынды.

Жүргізілген зерттеу қорытындысы бойынша тандалып алынған атмосфералық ауа үлгілерінде күйе мен көміртек тотығының артық мөлшері анықталды.

Анықтама:

Көміртек тотығы – пеш жағу барысында бөлінетін түтін газдарында, соның ішінде іштен жанатын қозғалтқыштары бар көліктердің пайдаланылған газдарында болатын кең таралған ауаны ластаушы зат.