Қазақстан Республикасында тамақ өнімдерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етудің өзекті мәселелері
Актуальные вопросы обеспечения пищевой безопасности в РК 24.12.2019

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бағалауы бойынша, жыл сайын әлемде 600 миллион адам ластанған тағамды жегеннен кейін ауырады. Қауіпсіз тамақ өнімдері 200-ден астам жедел және созылмалы аурулардың себебі болып табылады.

Қазақстан Республикасында соңғы 10 жылда тамақтан жаппай улану және тамақ өнімдерімен байланысты жіті ішек ауруларының 91 жағдайы тіркеліп, жалпы зардап шеккендер саны 2888 адамды құрады. Улану жағдайларының 60%-да қоғамдық тамақтандыру нысандарымен, 25%-да білім беру ұйымдарымен, 10%-дан астамы сауда нысандарымен байланысты, сонымен қатар емдеу мекемелерімен байланысты уланулар да бар. 2008-2017 жылдар аралығында Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті 13 427 526 кг-нан астам қауіпті азық-түлік өнімдерін қабылдамады, қабылданбаған өнімдердің жартысынан астамы Қазақстан Республикасында өндірілді.

Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті кәсіпкерлік қызметті қолдау саясатын жүргізуде, рұқсат алу тәртібін жеңілдетіп, тәуекелге бағытталған тәсілді енгізу арқылы тексерулер санын қысқартты. Осыған байланысты бүгінгі таңда 57 435 азық-түліктің 16 пайыздан аспауы тексерілуде. Тексерулердің қысқаруымен қатар тұтынушылардың шағымдарының көбею үрдісі байқалады. Осыған байланысты өндірушінің жауапкершілігін арттыру және тұтынушылық тәуекелді азайту мәселесі туындайды. Кәсіпкерлердің ХАССП қағидаттарына негізделген азық-түлік қауіпсіздігін басқарудың озық тәжірибелерін қолдануы қауіпті өнімдерді өндірумен байланысты тәуекелдер мен экономикалық шығындарды барынша азайтуға көмектеседі.

DSC_00444.JPG

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің ҚҚБТУ «Ұлттық сараптама орталығы» мамандарды даярлау және азық-түлік өнімдерінің қауіпсіздігін басқаруда азық-түлік кәсіпорындарына көмек көрсету және азық-түлік объектілерінде ХАССП қағидаттарына негізделген жүйені енгізу бойынша жол картасын әзірледі. Жол картасына сәйкес халықаралық сарапшыларды, «Атамекен» Ұлттық палатасын, мүдделі мемлекеттік органдар мен ұйымдарды тарта отырып, орталық тренерлерін оқыту және қолданыстағы заңнаманы талқылау бойынша бірқатар іс-шаралар өткізілді. Жол картасын іске асыру қорытындысы бойынша 2019 жылы 15 іс-шара жоспарланып, 12-сі уақытылы орындалды, қалғандары бойынша жұмыстар жалғасуда.

Жол картасы аясында Нұр-Сұлтан қаласында ұлттық және халықаралық деңгейде тамақ өнімдерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, ХАССП жүйесінің қағидаттарын енгізу негіздері және тексерулер кезінде зертханалық бақылаудың тиімділігін арттыру мәселелері бойынша оқыту ұйымдастырылды. Тренинг тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі бойынша халықаралық сарапшы Ирина Карпикованың және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті өкілдерінің қатысуымен өткізілді. Ұлттық сараптама орталығының 25 маманы оқуды аяқтады.   

Ұлттық сараптама орталығының базасында Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің, Codex Alimentarius өкілдерінің қатысуымен тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі мәселелері бойынша семинарлар өткізілді. Азия Даму Банкінің азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі халықаралық сарапшылары басқа елдерде азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету және азық-түлік кәсіпорындарында озық гигиеналық тәжірибелер мен HACCP жүйесін енгізу тәжірибесімен бөлісті. Сондай-ақ, кездесуде Codex Alimentarius стандарттарын әзірлеу кезінде тәуекелдерді талдау үдерісіне шолу жасау және азық-түлік алаяқтықтарының алдын алу бойынша жүргізіліп жатқан іс-шараларға шолу жасау мәселелері талқыланды.

Бас директордың кеңесшісі

«Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК 

ҚКҚБТУ Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Шарипова С.Ф.