Қазақстанда зертхана қызметкерлеріне ақы төлеу ережесі өзгереді
Правила выплат работникам лабораторий изменят в Казахстане 16.05.2020

Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов   Facebook  парақшасында хабарлады .

«Біреу демалып жатқанда, дәрігерлер жұмыс істеп жатыр... Бүгін мен Ұлттық сараптама орталығының астанадағы аймақтық вирусологиялық зертханасында болдым.Бұлар – тәулік бойы жұмыс істеп, коронавирусқа сынама алып жатқан тәжірибелі вирусологтар, лаборанттар мен мамандар. Бұл жерде олар қалалық емханалардан, жедел жәрдем машиналарынан, медицина қызметкерлерінен және әскери бөлімдерден ПТР тексеруге науқастар мен байланыста болған адамдардың үлгілерін тәулік бойы әкеледі.Мен

командамен кездесіп, қосымша төлемдер мәселесін талқыладым. Зертхана қызметкерлеріне ақы төлеу ережелеріне өзгерістер енгізу қажет, өйткені олар инфекция жұқтыруы мүмкін науқастармен және олардың биологиялық үлгілерімен үнемі байланыста жұмыс істейді», - деп жазды Біртанов.

Министрдің атап өтуінше, COVID-19 індетінің басында әріптестер 600 сынақ жүргізсе, қазір күніне шамамен 2000 сынақ жүргізеді. Барлық мәліметтер зертханалық ақпараттық жүйеге (ЛАЖ) енгізіледі. Эпидемияны басқаруды автоматтандыру мақсатында ЛАЖ-ны ауруханалар мен емханалардың ақпараттық жүйелерімен біріктіру бойынша қарқынды жұмыстар жүргізілуде. 

Еске салайық, 30 наурызда Мемлекеттік комиссия эпидемияға қарсы іс-шараларға қатысатын медицина қызметкерлерінің ай сайынғы тұрақты жалақысын көтеруді белгілеу туралы шешімді бекіткен болатын. Сомалар туралы толығырақ ақпаратты мына жерден табуға болады .  

Дереккөз: https://tengrinews.kz/kazakhstan_news/tri-ochaga-koronavirusa-vyiyavili-v-taldyikorgane-402440/