58-85-55, 258-85-55 (Алматы)
27-70-76 (Жезқазған)
60-42-21 (Семей қ.)
99-90-88 (Қонаев)
+7 (7172) 55-49-21
8 (7142) 54-55-66 (Covid19)
Астанада Ұлттық сараптама орталығында санитарлық-гигиеналық, радиологиялық зертханалар, сынамаларды қабылдау және іріктеу бөлімі, сондай-ақ жоғары технологиялық ғылыми-зерттеу зертханасының мамандарына арналған семинар өтті.
Іс-шараның мақсаты – ҰСО мамандарының өнімді мемлекеттік тіркеу саласындағы Кеден одағының нормативтік құқықтық актілері бойынша білім деңгейін арттыру.
Оқыту барысында орталық аппараттың мамандары қатысушыларға мемлекеттік тіркеуге жататын тауарларға сынамаларды алу актісін, сынақ хаттамаларын, ғылыми қорытындыны, сараптамалық қорытындыны дайындау және беру тәртібі туралы айтып берді.