2022 жылдың 12 айында Ұлттық сараптама орталығы санитарлық-гигиеналық бақылау және азық-түлік қауіпсіздігі мониторингі аясында пестицидтердің қалдықтарын анықтау бойынша 86 110 зерттеу жүргізді.
Жүргізілген зерттеулердің нәтижесі бойынша сәйкессіздіктер, атап айтқанда, суда, топырақта, атмосфералық ауада, жемістер мен көкөністерде, сүтте, балықта, етте, дәнді-дақылдарда, консервілер мен тағамдық қоспаларда анықталған.
Пестицидтер – өсімдіктердің зиянкестері мен ауруларымен күресу, өсімдіктердің тіршілігін реттеу үшін қолданылатын заттар.
Пестицидтік препараттарды қолданғаннан кейін белсенді ингредиенттердің бір бөлігі қалуы және тағамда жиналуы мүмкін. Пестицидтер денсаулыққа айтарлықтай зиян келтіреді, олардың адам ағзасына мезгіл-мезгіл түсуі, тіпті аз мөлшерде болса да, созылмалы улануға әкеледі.