Жоғары технологиялық зерттеулер зертханаларының қызметкерлері жоғары дәлдіктегі хроматография саласында тәжірибе алмасты
19.05.2023

Астана қаласында Ұлттық сараптама орталығының жоғары технологиялық зерттеулер зертханаларының мамандарына арналған семинар өтті.

«Хроматографиялық зерттеу әдістерінің негіздері. Газ және сұйық хроматографияны практикалық қолдану» тақырыбындағы семинарда дәріскерлер ретінде ҚР Президентінің Іс Басқармасы Медициналық орталығының «Санитарлық-эпидемиологиялық сараптама орталығы» мен ҰСО орталық аппаратының сарапшылары қатысты.

Сарапшылар өз білімдері мен тәжірибелерімен бөлісіп, жаңа әдістемелер мен тәсілдер туралы айтып, бұл жаңа әдістердің іс-әрекеттегі барлық артықшылықтарын көруге мүмкіндік береді. Сондай-ақ, олар тазалықтың жоғары деңгейімен, жабдықтың сезімталдығымен сипатталатын әдістер туралы айтып берді, бұл сенімді және дәл зерттеу нәтижелерін алуға ықпал етеді.

Семинар аясында 17 жоғары технологиялық зерттеулер зертханасының мамандары Астана қаласы бойынша ҰСО филиалының және Санитарлық-эпидемиологиялық сараптама орталығының зертханаларына барды.

Сапар барысында олар газ хроматографиясының жұмыс әдістерімен танысып, құжаттардың нормативтік базасын жетілдіру және дұрыс өзектендіру мәселелерін талқылады.

Сарапшылар мұндай білім алмасу ынтымақтастықты дамытуға және ұсынылатын қызметтердің сапасын арттыруға, сондай-ақ жоғары дәлдіктегі хроматография саласындағы соңғы әзірлемелер мен инновациялар туралы білуге көмектесетінін атап өтті.

Сурет галереясы