Өткен аптада ҚР ДСМ СЭБК «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК филиалының Ақмола облысы бойынша аса қауіпті инфекциялар зертханасына адамдардан сібір жарасына іріктелген биологиялық материалдың 34 үлгісі жеткізілді. Алынған 10 үлгіде сібір жарасының ДНҚ-сы ПТР әдісімен, 4 үлгіде сібір жарасының антигені ПГРА әдісімен (пассивті гемагглютинация реакциясы) анықталды.
Зертхана мамандары атап өткендей, сыртқы ортадан (ет, тартылған ет, топырақ, көң, жүн, шайындылар және т.б.) 52 сынама алынды, оның ішінде ет өнімдерінің 16 сынамасынан сібір жарасының ДНҚ-сы анықталды.
ПТР әдісімен зерттеу барысында барлық оң үлгілерде рхо1 және рхО2 плазмидасы табылды, бұл осы патогеннің жоғары вируленттілігін көрсетеді.
Бүгінгі таңда Ұлттық сараптама орталығы адамдардан және ошақтың сыртқы ортадан алынған сібір жарасын анықтау үшін талдаулар бойынша зерттеулер жүргізуді жалғастыруда.