Кері қоңырау шалуға тапсырыс беру

App Store-дан жүктеу

Play Market-тен жүктеу

Ұлттық сараптама орталығы мен Астана медициналық университеті ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды
Национальный центр экспертизы и Медицинский университет Астана подписали меморандум о сотрудничестве 20.05.2025

Бүгін Астана медициналық университетінде Республикалық мемлекеттік кәсіпорын «Ұлттық сараптама орталығы» (ҰСО) мен «Астана медициналық университеті» акционерлік қоғамы арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Бұл құжат ғылым, білім беру және денсаулық сақтау саласындағы мамандарды даярлау бойынша серіктестікті дамытуға және бірлескен жобаларды іске асыруға бағытталған.

Құжатқа қол қою рәсіміне ҰСО басқарма төрағасы Ерлан Киясов және Астана медициналық университеті басқарма төрағасы — ректор Анар Турмұхамбетова қатысты. Меморандум аясында тараптар білім беру бағдарламаларын бірлесіп әзірлеу, ғылыми зерттеулер жүргізу, ғылыми-білім беру шараларын ұйымдастыру және жас мамандарды зерттеу жұмыстарына тарту туралы келісімге келді.

Меморандум медициналық білімнің сапасын арттыруға және Қазақстанның денсаулық сақтау жүйесі үшін жоғары білікті мамандар даярлауға бағытталған.

Ұлттық сараптама орталығы санитарлық-эпидемиологиялық жағдайдың сақталуын қамтамасыз ету мақсатында зертханалық зерттеулер жүргізіп, қоршаған орта факторларын өлшеп, дезинфекциялық және дератизациялық шараларды ұйымдастырады.

Сонымен қатар, ҰСО-ның маңызды жұмыс бағыттарының бірі — халықтың санитарлық-эпидемиологиялық әл-ауқаты саласында мамандарды қосымша және бейресми білім беру бағдарламалары бойынша оқыту.

Сурет галереясы

thumbnail thumbnail