Кері қоңырау шалуға тапсырыс беру

App Store-дан жүктеу

Play Market-тен жүктеу

Отбасы, мамандық және ортақ іс
Семья, профессия и общее дело 10.06.2025

Рашитдиновтар отбасының тарихы — кәсіби ұзақ қызметтің ғана емес, сондай-ақ өз ісіне және бір-біріне деген құрметке негізделген мықты отбасылық одақтың үлгісі.

1991 жылы Панфилов СЭС-інің жас дәрігері Рустам Илиакбарұлы Ташкент қаласында біліктілікті арттыру курстарынан өтті. Дәл сол жерде ол Ташкент қалалық СЭС-тің санитарлық-гигиеналық зертханасында дәрігер-зертханашы болып жұмыс істеген Абида Ибрагимқызымен танысты. 1992 жылы олар отбасын құрып, Абида Ибрагимқызы Жаркентке қоныс аударды.

Ерлі-зайыптылар ондаған жылдарын санитарлық-эпидемиологиялық қызметке арнап, бүгінде де Жетісу облысы бойынша Ұлттық сараптама орталығының Панфилов аудандық филиалының санитарлық-гигиеналық зертханасында еңбек етуде.

Олардың кәсіби қызметінің негізгі бағыттары:

  • тағам өнімдері мен қоршаған орта нысандарына гигиеналық сараптама жүргізу
  • атмосфералық ауаның санитарлық-гигиеналық мониторингі
  • қоршаған ортаның физикалық факторларын өлшеу

Рашитдиновтар отбасы — кәсібиліктің, жауапкершіліктің және өз ісіне адалдықтың үлгісі. Мұндай мамандардың біздің жүйеде жұмыс істеп, өңірдің санитарлық-эпидемиологиялық әл-ауқатын қамтамасыз етуге сүбелі үлес қосып отырғанына мақтанамыз.