Кері қоңырау шалуға тапсырыс беру

App Store-дан жүктеу

Play Market-тен жүктеу

Бүгін Ұлттық сараптама орталығында Қытайдың жетекші компанияларының бірі - Beijing Construction Engineering Group (BCEG) делегациясымен кездесу өтті.

В Национальном центре экспертизы, состоялась встреча с делегацией одной из ведущих китайских компаний - Beijing Construction Engineering Group (BCEG) 08.04.2026

Кездесуге Кәсіпорын Басқарма төрағасы Ерлан Киясов, Басқарма мүшелері Айнагүл Мусина мен Талғат Суюндиков, сондай-ақ BCEG компаниялар тобының төрағасы Гао Цианг, коммерциялық директор, ТМД елдеріндегі өкілі Чжу Ци және маркетинг жөніндегі төраға орынбасары Ма Шулон қатысты. Тараптар ұзақ мерзімді ынтымақтастықтың мүмкіндіктерін, оның ішінде Қазақстандағы санитариялық-эпидемиологиялық сараптама зертханалық қызметінің инфрақұрылымын жаңғырту және дамытуға бағытталған бірлескен жобаларды талқылады. Зертханаларға заманауи технологияларды енгізу, техникалық жабдықталу деңгейін арттыру, сондай-ақ материалдық-техникалық және инфрақұрылымдық дамудың озық халықаралық тәжірибелерін енгізу мүмкіндіктеріне ерекше назар аударылды. Кездесу қорытындысы бойынша ынтымақтастықтың ықтимал бағыттарын пысықтау және тиісті ұсыныстар дайындау туралы келісімге қол жеткізілді.

Сурет галереясы

thumbnail thumbnail thumbnail