Кері қоңырау шалуға тапсырыс беру

App Store-дан жүктеу

Play Market-тен жүктеу

ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫНДА ҰСО ФИЛИАЛЫНЫҢ ҚЫЗМЕТІНЕ ҚАТЫСТЫ МӘСЕЛЕЛЕР БОЙЫНША КЕҢЕС ӨТТІ

В КАРАГАНДИНСКОЙ ОБЛАСТИ СОСТОЯЛОСЬ СОВЕЩАНИЕ ПО ВОПРОСАМ ДЕЯТЕЛЬНОСТИ ФИЛИАЛА НЦЭ 06.11.2026

Ұлттық сараптама орталығының басшылығы Қарағанды облысына жұмыс сапарымен барды. Сапар бағдарламасы құрылымдық бөлімшелердің ұжымдарымен кездесулерді, жұмыс қорытындыларын талқылауды және зертханалардың қызметімен танысуды қамтыды.

Басқарма төрағасы Е.А. Қиясов пен ҰСО Байқау кеңесінің төрағасы Ж.К. Бахтыбаев Қарағанды облысы бойынша филиал ұжымымен кездесіп, филиал директорының жаңа орынбасары А.Б. Сериковты таныстырды.

ҰСО басшылығы зертханалық бөлімшелердің қызметіне ерекше назар аударды. Бактериологиялық, вирусологиялық, радиологиялық, аса қауіпті инфекциялар және санитариялық-гигиеналық зертханалардың жұмысымен танысты. Зертханалық зерттеулерді ұйымдастыру, мамандардың еңбек жағдайлары, материалдық-техникалық қамтамасыз ету және өндірістік процестердің сақталуы мәселелері талқыланды. Қызметкерлермен әңгімелесу барысында зертханалық қызметті жетілдіру және жүргізілетін зерттеулердің сапасын арттыру мүмкіндіктері де қарастырылды.

Сапар барысында Қарағанды облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Ю.Л. Залыгинмен кездесу өтті. Тараптар өзара іс-қимылдың өзекті мәселелерін, алдағы міндеттер мен халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығын қамтамасыз ету саласындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту мүмкіндіктерін талқылады.

Бұдан бөлек, ҰСО филиалының Теміртау қалалық бөлімшесінің ұжымымен кездесу өткізілді. Кездесу барысында бөлімшенің жұмыс нәтижелері, ағымдағы өндірістік мәселелер және ғимараттың шатырын қалпына келтіру бойынша жүргізіліп жатқан жөндеу жұмыстарының барысы қаралды.

Жұмыс сапары құрылымдық бөлімшелердің қызметін тікелей жұмыс орындарында бағалауға, қызметкерлермен пікір алмасуға және қосымша назар аударуды қажет ететін мәселелерді айқындауға мүмкіндік берді.

Кездесулер қорытындысы бойынша өндірістік процестерді жетілдіру, кадрлық әлеуетті нығайту, материалдық-техникалық базаны дамыту және Ұлттық сараптама орталығы қызметінің тиімділігін арттыру бағытындағы алдағы міндеттер айқындалды.

Сурет галереясы

ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫНДА ҰСО ФИЛИАЛЫНЫҢ ҚЫЗМЕТІНЕ ҚАТЫСТЫ МӘСЕЛЕЛЕР БОЙЫНША КЕҢЕС ӨТТІ 1 ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫНДА ҰСО ФИЛИАЛЫНЫҢ ҚЫЗМЕТІНЕ ҚАТЫСТЫ МӘСЕЛЕЛЕР БОЙЫНША КЕҢЕС ӨТТІ 2 ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫНДА ҰСО ФИЛИАЛЫНЫҢ ҚЫЗМЕТІНЕ ҚАТЫСТЫ МӘСЕЛЕЛЕР БОЙЫНША КЕҢЕС ӨТТІ 3 ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫНДА ҰСО ФИЛИАЛЫНЫҢ ҚЫЗМЕТІНЕ ҚАТЫСТЫ МӘСЕЛЕЛЕР БОЙЫНША КЕҢЕС ӨТТІ 4 ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫНДА ҰСО ФИЛИАЛЫНЫҢ ҚЫЗМЕТІНЕ ҚАТЫСТЫ МӘСЕЛЕЛЕР БОЙЫНША КЕҢЕС ӨТТІ 5 ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫНДА ҰСО ФИЛИАЛЫНЫҢ ҚЫЗМЕТІНЕ ҚАТЫСТЫ МӘСЕЛЕЛЕР БОЙЫНША КЕҢЕС ӨТТІ 6