«Азық-түлік сапасы – денсаулық кепілі» акциясы
Акция «Качество продуктов - залог здоровья» 31.03.2016

15 наурыз Дүние жүзілік тұтынушылар құқықтарын қорғау күні болып табылады. Осы күннің құрметіне Қазақстан Республикасының аумағында «Ұлттық сараптама орталығы» Тұтынушылар құқықтарын қорғау комитетімен бірлесе отырып, «Азық-түлік сапасы – денсаулық кепілі» тақырыбында акция өткізді.

3500 астам сатып алушы сатып алған орнында тағам өнімдеріне экспресс-талдау жасады. Бұл халыққа пайдаланатын тағам өнімдерінің сапасын анықтауға мүмкіндік берді:

 - ет және кулинарлық өнімдерді сапалы термоөңдеу;

 - сүт қышқылды өнімдердің қышқылдығы;

 - балдың табиғилығы;

 - шараптың табиғилығы;

- нитраттар мөлшері (жемістер мен көкөністер); 

 - микроағзалармен ластану. 

         Акцияны өткізу орны ірі сауда нүктелері (көтерме базарлар, супермаркеттер, сауда-ойын-сауық орталықтары) болды.    Талдау тегін жүргізілді. Акция барысында 3777 сынама алынып, оның 57 нормативті-құқықтық актілер талаптарына сәйкес болған жоқ.      «Ұлттық сараптама орталығы» мамандары сызықшалы-код пен таңбалауды оқу әдістемесін түсіндірумен қатар, тағам өнімдерінің қауіпсіздігін зерттеу экспресс-әдісін көрсетті.