Ұлттық сараптама орталығының 9 үздік командасы волейбол мен шағын футболдан мықтылар атағына таласуға Өскеменге келді.
Волейбол жарысына Оңтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарының филиалдарының командалары қатысты.
Шағын футбол турнирінде кубок үшін келесі филиалдар күресті: Қарағанды, Қостанай, Жамбыл, Батыс Қазақстан облыстары және Алматы қаласының Орталық үйі.
Сонымен, волейбол жарысындағы ойын қорытындысы бойынша жүлделер келесідей бөлінді:
I орын Оңтүстік Қазақстан облысы филиалы
II орын Шығыс Қазақстан облысы филиалы
III орын Қостанай облысы филиалы
Шағын футболда жағдай келесідей:
I орын Қостанай облысы филиалы
II орын Қарағанды облысы филиалы
III орын Жамбыл облысы филиалы
Командалық біріншілікте турнир жеңімпаздары дипломдармен, медальдармен және кубоктармен марапатталды.
Үздік команда ойыншылары келесі номинациялар бойынша сертификаттармен марапатталды:
«Шағын футболдан үздік шабуылшы» - Нұржанов Самат;
«Үздік футзалшы» - Нұрбеков Нұрлан;
«Футзалдан үздік қақпашы» - Әмірғазин Батухан;
«Ерлер арасындағы үздік волейболшы» - Мирамов Сағын;
«Үздік волейболшы әйел» - Александр Лукашенко.