Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің «Ұлттық сараптама орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – Кәсіпорын) қосымша білім беру бойынша білім беру іс-шарасын: «Бактериялық инфекциялардың микробиологиялық диагностикасы» тақырыбы бойынша біліктілікті арттыру циклін өткізу үшін Кәсіпорын оқытушысын конкурстық іріктеуді жариялайды.
Кәсіпорын қызметінің мәні денсаулық сақтау саласындағы қызметті жүзеге асыру болып табылады. Кәсіпорын қызметінің мақсаты халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығын қамтамасыз ету болып табылады.
Біліктілік талаптары:
- Кәсіпорын оқытушысы лауазымына орналасуға арналған конкурсқа:
- ғылым докторы немесе ғылым кандидаты ғылыми дәрежесі, философия докторы (PhD) немесе магистр академиялық дәрежесі;
- мамандық бейіні бойынша кемінде 10 жыл жұмыс тәжірибесі;
- кемінде 3 жыл ғылыми-педагогикалық өтілі;
- соңғы 5 жыл ішінде оқытылатын бейін бойынша кемінде 4 кредит (120 сағат) көлемінде біліктілігін арттыруы бар Қазақстан Республикасының азаматтары қатыса алады.
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген азамат мынадай құжаттарды ұсынады:
1) қоса беріліп отырған құжаттардың тізбесін көрсете отырып, конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
3) лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмелері;
4) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі.
Көрсетілген құжаттардың біреуінің болмауы конкурсқа қатысушыдан құжаттарды қабылдаудан бас тартуға негіз болып табылады. Құжаттар пошта арқылы алынған жағдайда, олар қайтаруға жатпайды.
Конкурсқа қатысушы бар болған жағдайда біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпарат (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми жарияланымдар туралы құжаттардың көшірмелері, болған жағдайда алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар) ұсынады.
Конкурс келесі кезеңдерден тұрады:
1) біліктілікті бағалау;
2) сұхбаттасу;
3) конкурстың қорытындысын шығару;
4) өтеулі қызметтер көрсету шартын жасасу.
Конкурсты өткізу тәртібі Кәсіпорын Бас директорының 2021 жылғы 29 қазандағы № 829 бұйрығымен бекітілген Кәсіпорынның профессор-оқытушылар құрамын конкурстық іріктеу қағидаларымен реттеледі.
Құжаттарды қабылдау жұмыс күндері сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін және 14.30-дан 18.00-ге дейін мына мекенжай бойынша жүргізіледі: Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 6/1, «Каскад» БО, 19-қабат, 193-кабинет.
Құжаттарды қабылдаудың аяқталу мерзімі: 2026 жылғы 30 қараша сағат 18.00-ге дейін.
Анықтама телефоны: 8(7172) 554926.