Сазымбаева Фарида Жапаровна
Лауазымы: Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің «Ұлттық сараптама орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны Қостанай облысы бойынша филиалы директорының орынбасары.
Туған жылы: 1971 жыл.
Білімі, мамандығы (біліктілігі):
1994 жылы Қарағанды мемлекеттік медицина институтын «Медициналық-профилактикалық іс» мамандығы бойынша тәмамдап, гигиена, санитария, эпидемиология мамандығы бойынша дәрігер-гигиенист, эпидемиолог біліктілігін алған.
Еңбек өтілі:
- 1994 жылғы тамыз айынан бастап Қостанай облыстық санитариялық-эпидемиологиялық станциясының санитариялық-гигиеналық бөлімінің еңбек гигиенасы бөлімшесінде улы химикаттар бойынша санитариялық дәрігер лауазымында еңбек жолын бастаған.
- 2002 жылдан бастап еңбек гигиенасы бөлімшесінің зертханашы дәрігері, радиологиялық топтың зертханашы дәрігері қызметтерін атқарған.
- 2009–2014 жылдары «Қостанай облыстық санитариялық-эпидемиологиялық сараптама орталығы» РМКК санитариялық-гигиеналық зертханасының меңгерушісі қызметін атқарған.
- 2015 жылғы қараша айынан бастап Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК Қостанай облысы бойынша филиалында ұйымдастыру-кадрлық, құқықтық жұмыс, мемлекеттік сатып алу және санитариялық-эпидемиологиялық аудит бөлімінің басшысы қызметін атқарған.
- 2017 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК Қостанай облысы бойынша филиалының ұйымдастыру-кадрлық жұмыс бөлімінің басшысы қызметін атқарған.
- 2023 жылғы маусымнан 2025 жылғы желтоқсанға дейін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК өндірістік қызмет департаментінің кәсіби оқыту секторының кәсіби оқыту жөніндегі менеджері қызметін атқарған.
- 2026 жылғы қаңтардан 2026 жылғы сәуірге дейін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК өндірістік қызмет департаментінің сараптама жөніндегі маманы қызметін атқарған.
- 2026 жылғы сәуір айынан бастап Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК Қостанай облысы бойынша филиалының маркетинг және коммерциялық қызмет бөлімінің басшысы лауазымына ауыстырылған.
- 2026 жылғы 21 сәуірден бастап қазіргі уақытқа дейін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК Қостанай облысы бойынша филиалы директорының орынбасары қызметін атқарады.