ҰСО зертханасы энергетикалық сусындарда натрий бензоатының жоғары мөлшерін анықтады
В лаборатории НЦЭ в энергетических напитках обнаружили превышение бензоат натрия 23.06.2022

Қостанай облысында өнімнің қауіпсіздігін профилактикалық бақылау мен қадағалау барысында дүкен сөрелерінен құрамында натрий бензоаты тағамдық қоспасының мөлшері асып кеткен алкогольсіз энергетикалық сусындар анықталды (Е 211).

ҚР ДСМ СЭБК «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК Қостанай облысы бойынша филиалы жүргізген зертханалық талдау кезінде шектен тыс мөлшерде натрий бензоаты қосылған келесі алкогольсіз сергітетін энергетикалық газдалған сусындар белгілі болды: «Кофеин және таурин қосылған Flash up energy» (163,3 мг/кг) және «Monster Energy» (173,72 мг/кг). Бұл сусындар сәйкес келмейтін өнімдер тізіліміне енгізілді.

Сонымен қатар, Санитариялық эпидемиологиялық бақылау комитеті Ресейдің «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау және адамның әл-ауқатын бақылау қызметіне» (Роспотребнадзор) осы өндірушілердің өнімдерін зертханалық күшейтілген бақылауға алу туралы хабарлама жіберді.

2022 жылғы қаңтар-мамыр аралығында ҰСО филиалында натрий бензоаты құрамының деңгейін анықтау мақсатында алкогольсіз сусындардың 17 үлгісі тексерілді.

Натрий бензоаты – бұл консерванттар тобына жататын тағамдық қоспалар. Ол тамақ өнеркәсібінде өнімнің жарамдылық мерзімін және сақталуын арттыру үшін қолданылады. Алайда бұл консервант қоспасының шектен тыс мөлшері өнімнің дәміне ғана әсер етіп қана қоймай, адам денсаулығына да қауіп төндіреді.